Кәмшат пен Индира ұшақ апатына ұшырайды...

Сообщить о проблеме с эфиром

Камшат Жолдыбаева мен Индира Елемес ұшақ апатына ұшырап, джунглиде жалғыз қалды! Қос өнерпаздың «Сайра» атты жаңа бейнебаянының оқиғасы осындай. Бұл экс-кешьюлік әншінің өзге орындаушымен құрған алғашқы дуэты.

Алайда, ерекше сюжет арқылы жаңашылдық ұсынамыз деген арулардың идеясы көптің көңіліне жақпады. Су жаңа бейнебаян желіге жүктелгені сол-ақ еді, тыңдарман қос әншіні «жиендік жасады» деп айыптауда.

-Кэтти Перридің Роарга қатты ұқсайды!

-Әуен жақсы бірақ плагиат. Ең болмаса жолбарыстың орнына басқа жануар қоймады ма?!

-Katty Zholdybayeva & Indira Perry - SaiROAR!