Дәурен Айдарқұлов жаңа ғашығын жолықтырды

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеке өмірі жұрттың жіті қадағалауында жүретін Айдарқұлов, тағы бір сұлуды қаратудың қамына кіріскен. Бір қызығы арудың жүрегін жаулау жолында Ақботаның өзі жәрдемдескен көрінеді. Ал, атышулы актердың жаңа ғашығы небәрі 19-ақ жаста екен...

Дәуреннің фильмогрфиясын толықтыратын кезекті картина «Круиз» деп аталады. Актерлық құрам қазақстандық өнерпаздардан жасақталғанымен, продюсерлік жұмысы айыр қалпақты ағайындарға жүктелген. Ал, КВН түлегі Ашот Кещан режиссерлық еткен. Басты рөлде Айдарқұлов, оның ғашығын жас актриса Аяна Құсайынова сомдайды.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Мен алдындағы кинолардағыдай өзімнің, былайша айтқанда махаббатым үшін күресемін. Кішігірім алаяқтың рөлін ойнаймын, әр-түрлі алдау тәсілдерімен ақша табу жолдарын іздеймін.

Дәурен бұл картинада қарапайым отбасынан шыққан жігіттің кейпіне енсе, Аяна ауқатты әулеттің қызы. Құрылыс компаниясында қызмет етеді. Фильм желісінде дәл осы арудың жүрегін жаулау үшін түрлі қадамдарға барады. Ал, Айдарқұловтың өмірдегі жұбайы Ақбота түсірілім кезінде кинодағы ғашықтарға қолдау көрсеткен.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Тәжірибесі үлкен. Сол себепті кейбір жағдайларда Ақботамен ақылдасқан жағдайым да болды. Ақбота егер былай ойнасам қалай болад, былай ойнасам қалай деп. Сол себепті Ақботаның кішігірім көмегі тиді деп айтса болады.

Аяна Құсайынова, актриса:

-Дәурен түсірілім барысында қолдан келген көмегін аяған жоқ. Кәсіби тұрғыда мықты актер және өмірде жақсы адам екен. Жұбайымен де таныстым. Түсірілім алаңында біздің қасымызда болды. Өте жарасымды жұп. Олардың жеке басына айтылған кереғар пікірлермен келіспеймін.

Құрылыс компаниясында жұмыс істейді.

Ал, бірнеше мемлекеттің мамандары таспалаған романтикалық комедия келер жылдың басында отандық прокатқа жол тартады.