Танымал серілер косметологтарға жиі жүгінеді

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық танымалдар арасында нәзік жандылар ғана емес, ерлер қауымы да бет әлпетіне күтім жасайды. Халықтың алдында жүрген өнерлі азаматтарымыз, сұлу болу үшін арнайы мамандардың көмегінен де тартынбақ емес.

Отыздың бел ортасынан асқан шағында Айқын жас, әрі сымбатты болып қалу үшін косметолог мамандарына жүгінетінін жасырмайды. Әнші қазіргі заманда кең таралған лазерлік емшараларын үзбей жасатып отырады екен.

Айна Досан, хируг:

-Лазер деген - апарат арқылы мына беттің терісін бір қабат күйдіріп түсіреміз. Сол кезде астынан жаңа тері өседі. Жаңа теріде бет тартылған және тесіктері тартылған болады.

Өзінің инстаграм парақшасында бет тересіне жасайтын күтімі жайлы дерекпен жиі бөлісетін Айқынның, алатын емінің бағасы 200 мың теңгедей. Сахнаға гримсіз шықпайтын өнер иесін, үнемі бояу берудің кері әсерінен осындай процедуралар сақтайды екен.

Айна Досан, хируг:

-Дұрыс тазарту жүргізілсе әрбір концерттен кейін, әрбір макияж жасағаннан кейін, айына бір рет косметологқа келіп беттің күтіміне жақсы қараса, эффекті көп уақыта ұстауға болады.

Ал сымбатымен талай қыздың жүрегін жаулаған Тәуекел Мүсілім, мұндай қадамдарға баруға әлі ерте дейді.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Енді жас келген келгенде, ертең қартайған кезде, мүмкін оған, жүгінетін шығармын. Дәл қазір оған барып жүрген жоқпын. Бет тазартатын жаңағы сабынды аламын сомен ғана жуамын.

Санжар Мәди косметологқа бармаса да, бетіне күтімді өз қолымен жасауға тырысады екен. Актерға бұл мәселеде жұбайы көмектессе керек.

Санжар Мәди, актер:

-Менің бар жасайтыным, ол әйелімнің көмегіне жүгінемін. Құрғақ тері мен ылғалды теріге арналған жақпа майларды сұраймын. Себебі шөл далаларда түсірілімдерге баруым да мүмкін. Сол сәтте міндетті түрде бетімді қорғауға тырысамын.

Көпшіліктің алдында жүрген серілер, өнер адамы болғаннан кейін келбетіңнің келісті көрінуі маңызды дейді.