Эминем жаңа картина ұсынбақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Рэпер Эминем өзі продюсерлік еткен «Қаныққан» фильмін ұсынбақ. Аталмыш картина «Торонто» кинофестивалінде «Халықтың таңдауы» атты марапатына ие болған еді. Ал отандық көрермен аты қызық лентаны қашан тамашалай алмақ?

Лентаға Джозеф Канн режиссерлық еткен. Туындыда Аспирант Адам есімді талантты жігіт рэп-батлдарында өз бағын сынап көреді.

Фильм өткен жылы жарыққа шыққанымен, көрерменге тек қараша айынан бастап жол тарпақ.

Эмили Ратаковски болса, өзін хоррор жанрында байқап көрген. «Үйге қош келдің» атты қорқынышты туындысында, сәнбикеге актер Арон Пол серік болған. Жаңа үйге көшіп келген қос ғашық, тыныс-тіршілігі шытырманға толы бейтаныс жігітмен кездеседі. Үрейлі лента, 16-қарашадан бастап үлкен экрандарда.

Танымал «Карталы үй» телехикаясының 6-шы маусымы толыққанды трейлерін ұсынды. Бұл жолы туындыда басты рөлді сомдаған Кевин Спейсидің хикаясы баяндалмайды, авторлар бас кейіпкердің жұбайы Клэр Андервудтің оқиғасын өрбіткен екен.

Себебі әйелдердің ар-намысын таптады деп айыпталған Кевин, картинадан шеттетілген еді. «Netflix» кезекті туындысын, 2-қазаннан бастап жарық көрмек.