Том Круз туған қызын 5 жыл бойы неге көре алмаған?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актер Том Круз қызы Суриді 5 жыл бойы көрмеген. 2012-де экс-жұбайы Кэти Холмспен ажырасқаннан кейін, Томға кішкентай ханшайымымен 10 күн сайын ғана кездесуге мүмкіндік берілген екен. Алайда, ол бас тартыпты... Неліктен?

2013-жылдан бері актердың қызы Суримен кездеспеуіне – ұстанатын діні себеп болған. Том кішкентай ханшайымының өміріне өзінің рухани таңдауы әсер етпесе дейді. Ал, Сури әкесінен мереке сайын тек сыйлық алумен келеді. Үш рет үйленіп үлгерген Круздың, әр жарымен ажырасуына діни көзқарасы әсер еткен.

***

Актриса Бизи Флиппс өнердегі әріптесі Джеймс Франконы айыптауда. Бұл туралы Бизи өзінің өмірі жайлы шығармасында баяндаған екен. Актер «Бұзақылар мен оқымыстылар» картинасының түсірілімінде бикешке күш жұмсаған деседі. Джеймстің өзі бұған дейін де, арулардың ар-намысын таптады деп бірнеше мәрте айыпталғаны бар.

***

Әлемге танылған Адель «25» атты албомын осыдан үш жыл бұрын шығарса да, биыл 12 млн доллар пайдаға кенеліпті. Өнер иесінің ескі репертуары әлі күнге дейін табыс әкеледі екен. Ерекше дауыс иесінің дүние-мүлкі бүгінде 135 млн долларға бағаланып отыр. Тыңдарманын сағындырған Адель, 2019-жылдың басында жаңа туынды ұсынбақ ниетте.