American Music Awards жеңімпаздарын анықтайды

Сообщить о проблеме с эфиром

Алайда музыка мықтыларын Билбордтан өзге де жауапты сынақ тосып тұр! Санаулы сәттен соң American Music Awards жеңімпаздарға өз жүлделерін табыстамақ! Жұлдыздар да айтулы шараға қызу дайындық үстінде!

Бұл жолы да айтулы музыка марапатын тізгіндеу Трейси Эллис Россқа сеніп тапсырылмақ. Танымал актриса дәл осылай екінші рет American Music Awards-тың жүргізушісі атанады. Кештің басты тұлғасына айналған ол, шара ұйымдастырушылармен бірге, қызыл кілемді төсеуге де ат салысты.

«1973-жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келетін салтанаттың биылғы бағдармасы ерекше болмақ» - дейді танымалдар. Эллис Росс American Music Awards-тың ел естімеген құпиясымен бөлісті.

Трэйси Эллис Росс, актриса, тележүргізуші:

-Салтанаттың шымылдығын түру Тейлор Свифт пен Карди Биге тапсырылып отыр. Бұл кеште ең таңдаулы әншілер өнер көрсетпек. Меніңше, өте қызықты өтуі тиіс.

Тағы бір жаңалық – Мэрая Керидің American Music Awards сахнасына қайта оралуы болып отыр. Әнші араға 10 жыл салып, айтулы кеште өнер көрсетуге ниетті.

Ал, жүлдеге үміткер ретінде рэперлер Дрейк пен Карди Би көш бастайды. Қос өнерпаз сегіз аталым бойынша бақ сынамақ. Алайда, әншілер көптен күткен марапатты еншілей алады ма? Ол қазанның 10-күні белгілі болмақ!