Данэлия Тулешова қазақ тіліндегі әніне бейнебаян ұсынды

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандасымыз Данэлия Тулешова «Өзіңе сен» атты әніне жаңа клип ұсынды. Жас өнерпаз бұл тректің ағылшынша нұсқасымен «Junior Eurovision» байқауында өнер көрсетеді.

Талантты қыздың туындысына авторлық етуге Камила Даирова жәрдемдескен. Ал ән мәтінін ағылшын тіліне аударған украиндық Артем Кузьменков.

Жаңа видео Шарын шатқалында таспаланған. Бұл кішкентай өнерпаздың қазақ тілінде жазған алғашқы әні. Ал дәл осы «Seize the Time» трегімен, 25 «Евровидение 2018» балалар байқауында өнер көрсететін Данэлияға сәттілік тілейміз.