Брэд Питтің басы бос

Сообщить о проблеме с эфиром

Брэд Питтпен көңіл жарастырды деген Нэри Оксман, актермен қарым-қатынастары туралы бар шындықты мойындады. Ақиқатында олардың арасында ешқандай сезім де болмаған. Бұл жалған ақпараттың өрбуіне не себеп?

«The New York Times» журналына сұхбат берген Нэри Оксман, Брэд Питпен ешқашан көңіл қосу туралы ойы да болмағанын айтады. Олардың қарым-қатынасы туралы қауеcет, екеуі бірлесіп жұмыс істеген сәтте тараған еді. Шындап келгенде, Нэри мен Брэд тек әріптес ретінде ғана араласқан. Ал, жеке өмірі әркез елдің назарындағы Питт болса, бүгінде режиссер Квентин Тарантиноның «Бір жолы Голливудта» фильмінің түсірілімде жүр.

***

Танымал жұлдызды жұп Ким Кардашьян мен Канье Уэст болса, жұрт білмейтін құпияларымен бөлісті. Рэпердің кез-келген жерде ұйықтап қалатын әдеті болса, Кимның орынсыз сөйлейтін қылықтары бар екен. Алайда, жұлдыздар барынша ерсі әрекеттерінен құтылуды көздеп жүр.

***

Актер Бен Аффлек Дженифер Гарнермен ресми түрде ажырасып қана қоймай, 22 жастағы сүйіктісі, сәнбике Шона Секстонмен де қарым-қатынасын үзген. Жұптасқан жұлдыздардың сыналар сәтте сезіміне сызат түскен екен. Маскүнемдікке салынған Бен үшін ішімдікті қойып, шығармашылығын қайта қолға алу – қазір басты мақсат секілді.

***

Танымал сәнбике Белла Хадид күні кеше туған күнін атап өтті. 22 жасқа толған жұлдызға сүйіктісі The Weeknd күтпеген тосын сый жасаған. Белла атаулы күнді ғашығымен оңашада өткізуді жоспарлаған. Ал музыкант болса, сәнбикенің жақындарын құпия түрде шақырып, кештің ажарын аша түскен.