«Ұлы дала комедиясы»

Сообщить о проблеме с эфиром

 

 

Төреғали Төреәлінің көптен күткен картинасының тұсауы күні кеше кесілді. Атышулы әншінің өзі басты рөлді сомдайтын кинотуынды «Ұлы дала» комедиясы» деп аталады. Әдетте шаштарын түрлі түске бояп, сырға таққан жігіттерді жек көретін Төреш, бұл фильміне кью-поп өкілдерін арқау етіпті.

Әр туған күнін ел алдында қарсы алатын Төреғали, 26 жасында да бұрынғы үрдістен жаңылған жоқ. Әнші меншікті мерекесінде су жаңа фильмінің тұсаукесерін өткізді.

Төреғали басты рөлді сомдайтын «Ұлы дала комедиясында», атышулы әншінің журналистермен жанжалы және жұлдызды дертке шалдыққан кезеңдері суреттеледі. Алайда, тосыннан жол көлік апатына ұшырап, ес-түссіз жатқан шақта ғайыптан өзге біреудің өмірін сүреді. Танымалдылықтан әп-сәтте айырылған өнерпазға отандық шоу-бизнестегі кью-поп ағымының өкілдері басты бәскелеске айналады.

Дархан Сәркенов, режиссер:

-Неге жаңағы кью-поп стилінде жасамасқа, сол бізге кішкене жақынырақ қой деп. Сосын біз Төрешке ұсынып көрдік. Төреш жарайды деді.

Бұрындары түрлі-түсті шаш пен сырға таққан жігіттерді көрсе кірпідей жыйырылатын Төреш, дәл осындай сценарийге келісімін берген. Бірақ баспасөз мәжілісінде жауап таба алмай састы.

Төреғали Төреәлі, әнші, актер:

-Менің қатысым жоқ қой. Мен өзімнің рөліммен басым қатып жүрген адаммын. Арасында тойға бардым десең... Дәулет қайда, Дәулет? Дәулет в студию!

Дәулет дегені дәл осы жігіт. Фильм желісінде ТТТ-ны шоу-бизнестегі тағынан тайдырған кью-поп өкілі.

Дәулет Бижанов, актер:

-Мен ана жерде осы киіммен ойнап: «Сен өзің осындай таңдау жасадың. Бұл сенің қай сасқаның?» десем, сіз тағы да күліп кетесіз ғой. Қазақ өмірі осылай ойнайды деп. Енді сәл өзгеріп едік, өзгердің деп айттыңдар!

Тың туындыны тамашалаған алғашқы көрермендердің бірі - Мақпал ханым. Халық әртісі «Ұлы дала баласын» қолдап келген. Алайда Төреш айхай жасында өткен өмірін бір лентаға сыйдырса, Жүнісова жүріп өткен жолы жайлы кино түсіруді құп көрмейді.

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:

-Менің өмірім оңай емес. Ондай кино түсіргеннен кейін ол жерде талай сұрақтардың беті ашылуы мүмкін. Шындық ашылуы мүмкін. Сондықтан да мен оған әлі дайын емеспін.

Ал, атышулы әншінің әзілге толы картинасына көзіқарақты көрерменнің өзі әділ бағасын берер!