Карди Би бүгін 26 жасқа толды

Сообщить о проблеме с эфиром

Эпатажды образдарымен қоса хип-хоп әлемінде үздік атанып жүрген Карди Би, бүгін жаңа жасқа қадам басты. 26-ға келген ару, шығармашылығын кішігірім вайндардан бастаған. Бүгінде өнерпаз «American Music Awards» марапатының бірнеше мәрте жүлдегері.

Карди Бидің шын есімі - Белкалис Альманзар. Ару, алғашқы кезде ғаламтор жұлдызы болған. Талант иесінің «Bodak Yellow» атты алғашқы трегі, Биллборд чарттында бірден үздік шығып, әлемге танылуына септігін тигізген.

Сонымен қатар Карди Би, осы чарттың көшінде өзінің жеке әнімен көш бастаған «Beatles» тобы мен әнші Ashantі -дан кейінгі, тарихқа енген үшінші өнерпаз.

Талантты арудың 26 жасына дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Карди Би, осы жылдың тамыз айында өткен «MTV Video Music Awards» марапатында бірден 12 номинацияны еншілесе, «American Music Awards»-та, «Ең үздік хип-хоп орындаушы» жүлдесін қанжығасына байлады.

Ал жеке өмірін Карди құпия ұстауды жөн көреді. Әнші қыз, өткен жылы бірнеше ай қарым-қатынаста болған сүйіктісі, рэпер Оффсетке тұрмысқа шыққанын жасырып қалуға тырысқан еді. Бүгінде олардың Киари есімді кішкентай қызы бар.