Shamis тобында кастинг

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнел Арынова болса Shamis тобының құрамын өзгертуде. Арнайы кастинг ұйымдастырған продюсердің гелзбендттың бір мүшесімен қош айтысуына тура келген. Бұған себеп, арудың артық салмағы көрінеді.

Әнел Арынованың жетекшілігімен шоу-бизнеске қосылған «Шамис» тобының құрылғанына бір-ақ жыл. Алғашқыда бетперде жамылып шықса, кейін түрлерін көрсетуге бел буады.

Гелзбенд сонымен қатар, «ЕМА 2018» марапатында «үздік қыздар тобы» номинациясын еншіледі. Алайда 1 жылда «Шамистің» құрамы бірнеше мәрте өзгерген. Енді, «Изар» лақап атымен танылған Әйгерім де, топпен қош айтыспақ.

Əйгерім Шабайқызы, Shamis тобының экс-солисі:

-Осындай осындай килограмға арықта деген. Бір жағынан шынымды айтсам өз-өзімнен ұялдым. Себебі қойған талаптарды орындамадым мен.

Артық салмағы топта өнер көрсетуіне кедері болғанымен Әйгерім, болашақта жеке әнші ретінде танылмақ ниетте. Ал «Шамистің» өзге мүшелері үшін, топтағы өзгеріс қиынға соғуда.

Shamis тобының

-Енді жаңа қыз келсе осы жолы, екеумізде алдында сөйлескенбіз, кішкене бір басқаша тактикамен, мүмкін қарым-қатынасымызды өзгертеміз. Енді қыздардан құралған топ болғаннан кейін, арада болады ғой келіспейтін кездер.

Жаңа әнші іздеп, кастинг ұйымдастырған Әнел, бақ сынай келген қыздарға көңілі толғандай. Тек әні мен сәні жарасқан арулар жоқтың қасы, дейді.

Әнел Арынова, әнші, продюсер:

-Шынымды айтсам мен үшін ең бастысы қанша қыз келгенінде болды. 20 қыз өзінің бағын сынады. Аз болса да мені қуантқаны, олар не үшін келгендерін түсініп отыр.

Іріктеуден көзге түскен талантты қыздың біреуі, енді «Шамис» тобына қабылданады.