BTS Париждегі ерекше концертке қатысты

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше Лондонда дүркірете концерт өткізген BTS ұжымы Францияға табан тіреді. Париж қаласына ат басын бұрған бойзбенд корей президентімен кездесіп, шетелдік шенеуніктер алдында өнер көрсеткен еді. Кеш барысында саясаткерлердің де кей-попты жатырқамайтыны анықталды.

Әйгілі BTS ұжымы туған елі мен Францияның қарым-қатынасын күшейтуге өз үлесін қосуда. Әлем бойынша миллиондаған жанкүйер жинаған бойзбенд, Оңтүстік Корея ұйымдастырған Париждегі достық кешіне қатысып қайтты.

Айтулы шараға президент Мун Джэиннің өзі мен Франция елінің шенеуніктері қатысқан болатын. Корей басшысының концерт барысында күлімдеген жүзіне қарап, кей-поп орындаушылардың өнері көңіліне жаққанын ұғуға болатындай.

Ал, кеш аяқталысымен BTS жігіттері президентпен бірге суретке түсіп, желіге жүктеді. Фотода да Мун Джэиннің көңілі көтеріңкі. Алайда, бұл кештен әйгілі саясаткерлер ғана емес, АРМИ де ерекше әсерге бөленіп қайтқан еді.

-Қазір Францияда k-pop бағыты белең алуда. Солардың ішінде BTS-тың орны ерекше!

-Біз BTS-тың жанкүйеріміз. Жігіттер залда отырған бізді байқады деп үміттенемін.