Айқын Төлепберген әкелік парызына күмән келтіргендерге жауабын берді

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұрын әлеуметтік желіге балаларының жүзі жасырылған суреттерді салатын Айқын, соңғы кездері ұл-қызын ешбір смайликтің көмегінсіз-ақ жиі жүктеп жүр. Бұл белсенділіктің өзіндік себебі бар екен. Алғашқы отбасынан алшақ кеткен әншінің, әкелік беделіне күмәнмен қарайтындар көп екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Елдер мені «жаман әке» деп есептейді. Бүйтті-сүйтті дейді. Ондай емеспін. Бала-шағам бәрі қасымда. Күніге қасымда. Сондықтан соны көрсеткім келеді. Мен де жақсы әке екенімді көрсеткім келеді. Мен де өзімнің әкелік борышымды атқарып жатырмын. Ешкімнен кем емеспін, артық емеспін деп көрсеткім келеді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Себебі Айқын өте керемет әке. Өте қамқор әке. Ол балаларының өмірінде үлкен маңызды орын алады. Балалары да оның өмірінде үлкен маңызды орын алады. Сол себепті ол балаларын ешқашан ұмытқан емес.

Иә, Жұлдыз да көпшіліктің көкейіндегі күдікті сейілткісі келеді. Бүгінде Айқын екі отбасының алдындағы міндеттерін мүлтіксіз орындайды екен. Аналары бөлек болса да, балаларын бір-бірімен таныстырыпты. Төлепбергеннің тұңғышы мен кенжесі бауырлық қарым-қатынас орнатқан.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Жақсы қабылдады. Үлкен ағасы болып, інім деп. Маған ұқсайды деп, жақсы қабақ көрсетіп қабылдады.

Өмірғали ағайындылардың арасын ажыратуға құлықты емес. Керісінше олардың жиі жүздесіп тұрғанын құп көреді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Менің өзімнің отбасымда әкем ерте о дүниелік болғаннан кейін, менің анам екінші рет тұрмысқа шықты. Ол отбасынан кішкентай сіңілім бар. Мен ол сіңілімді жақсы көремін.

 

Айқын Жұлдызбен бір шаңырақтың астында тұрғанымен, алғашқы жанұясына да күн құрғатпай бас сұғады. Төлепбергеннің басты ұстанымы – бауыр еті балақайларын барлық жағдайда тең ұстау!

Айқын Төлепберген, әнші:

-Біреуін салғаннан кейін екіншісін салмаса болмайды ғой. Үлкендерімді салғаннан кейін, кішімді салмасам болмайды ғой. Тең ұстау керек қой бәрін.