Динара Сәтжан кімді көшіріп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл қарқынымен Мақсатқызы болашақта Kazakhstan Fashion Week-ке қатысса, еш таңқалмаңыз. Ал, әзірге айтулы әсемдік шарасы Баянсыз да қызыққа толы болды. Қызыл шашты сәнбикелер, Кәуменованы «көшірген» Динара Сәтжан, сахнадағы ерекше қойылым.

Kazakhstan Fashion Week 25-маусымының шымылдығын түрді! Сән апталығы бұл жолы локация ретінде Республика Сарайын таңдапты. Әсемдік салтанатында алғаш болып Динара Сәтжан топтамасын таныстырған еді.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Байқағанымыздай бұл топтамада көбірек мақпал мата қолданылған сияқты. Аида Кәуменованың әсері болды ма?

Динара Сәтжан, «Dinara Satzhan» маркасының иегері:

-Иә. Өйткені бізде Астанада өте суық. Сол үшін бұл матаны өте жақсы көреміз. Және менің коллекциямда ең маңызды атрибут ол тақия болды. Тақияны сол матамен жасаймыз. Біреу велюр, біреу бархат дейді.

Бұрындары бұл матаны Аида Кәуменова көбірек қолданушы еді ғой. – Менде Астанада Аида Кәуменованың шоурумы бар ғой. Сол үшін біз бұл матаны жақсы көреміз. Бір рет маған біреу даже айтты, неге бұл дүкенді «велюровый магазин» деп айтпайсыз деп.

– Сіздің кішкентай моделіңіз ұйықтап қапты. Сәнбикеңіз шаршаған ғой?

Шаршап кетті. Себебі, біз таңертеңнен бастап, кешке дейін осы жерде болдық. Диана репетицияда болды, сосын шаршап ұйықтап қалды.

Ал, Динараның ізін ала киімдерін ұсынған Тамара Ламанукаева ерекше қойылыммен тәнті етсе, Ерлан Жолдасбек шоу жасамай-ақ ел назарын өзіне аудартпақ болды. Дизайнердің жанкүйерлері арасынан отандық әншілерді де байқап қалдық.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

-Мен бүгін ең басынан бастап бәрін көрдім. Әрине мен өзім Ерлан Жолдасбектің жанкүйерімін. Өйткені, Ерлан менің досым. Осы 15 жылда менің сахналық киімдерімді осы Ерланның осындай көрмелерінен аламын. Ерлан негізі әлімнің дизайнерлерінің ондығына кіресің иә?

Қазақстандық.

Қазақстандық, ал маған әлемдік!

Жұлдыздардың сахналық образдарын жасақтайтын «Аруназ» бренді де, өз топтамасын ұсынды.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Алдыңғы жылы жұлдыздардың қатысуымен топтамаңызды таныстырған едіңіз. Бұл жолы мүлде басқа стильде сияқты.

Назым Қарпықова, «ARUNAZ » маркасының иегері:

- Әр кезде, әр мауымда біз жаңа топтамамызды шығарамыз және бір-бірімен ешқашан қайталанбайды. Жаңа трендке байланысты біз жануарлар принтін қолдандық. Әсіресе жолбарыс принтін қолдандық.

Сәнгерлер ұсынған мұндай жаңашылдық фэшн-уик меймандарына да ұнағандай.