Дәурен Айдарқұлов Кенталмен жұдырықтаса жаздады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдарқұлов кезекті клиптің түсірілім алаңында жанжал шығарды. Атышулы актердың ашуын тудырған Кентал Ақботаға көз салған көрінеді. Жүкті әйелін қызғанған отағасы, әріптестерімен жұдырықтасуға да дайын.

«Қызғанба» атты клиптің желісі дәл осындай жанжалға толы. Әнді Эрик Тастембековтің Дана атты жобасы орындайды. Басты рөлге Дәурен мен Ақбота бекітілген. Ал Айдарқұловтың жұбайына көз қырын салатын кейіпкерді Кентал сомдайды.

Kental, әнші:

-Мен енді Дәуреннің әйеліне тисіп жатырмын. Байқап, кішкене қарап сол қызға. Сол үшін Дәурен маған қызғанышын білдіріп жатыр.

Көліктегі текетірестің соңы мұнымен бітпейді. Сүйіктісін қызғанған жігітке енді полиция қызметкері кездеседі. Тәртіп сақшысы да Дәуреннің жанындағы сұлуды ұнатып қалса керек...

Мейіржан Төребаев, актер:

-Көзбен ойнап анау-мынау. Соны Дәурен қызғанып маған келеді де екеуміз төбелесеміз. Кәдімгі төбересеміз. Мен Хабиб сияқты кіремін қазір астынан. Білмеймін Конордың стилі қалай болатынын. Мен Хабиб!

 

Туындыда төбелеске орын болғанымен, клип комедия жанрында. Бір қызығы бейнебаяндағы сырлы келіншектің өзі өмірде қызғаншақ болып шықты.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Жаным, күнім, айым, түнім деп жатады ғой. Сондай сахналары болып жатыр ма екен деп шамалы қызғанамын. Хабарласып, уатцаптан смс-тер жазып отырамын. Бірақ көбінесе видеоқоңыраулар.

 

Айқын, Мақпал Исабекова, «101» тобы және Санда! Эрик отандық шоу-бизнесте талай таланттардың жұлдызын жаққанымен, азулы продюсердің соңғы жобаларының бірі Дана, таныла алмай жүр.

Эрик Тастембеков, продюсер:

-Дебюттық клипі үшін 500 мың қаралым өте жақсы көрсеткіш. Тек қана тоқтамай тер төгу керек. Мысалы, Айқын қазір жұлдыз болғанымен, кезінде үш жылдай таныла алмай жүрді. Сондықтан бәрі өз уақытымен.