Ерке Есмахан мен Ақан Сатаев бәсекелес

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киногерлер де жаңа картиналарының тұсауын кесуге асық. Мәселен, Бүркіт экшн-комедия таспалап қалтасын қалыңдатқысы келсе, Ақан Сатаев 90-жылдардағы тың оқиға арқылы елді елең еткізбек. Жуырда жарық көретін төл туындылар тізімі қандай? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

Алғаш рет актриса атанған Ерке Есмахан «Махаббат кафесі» картинасын ел назарына ұсынуға әзір. 25-қазаннан бастап көрерменге жол тартатын комедияда, әнші продюсерлықты да өз қолына алған еді.

Ерке Есмахан, әнші:

-Шыны керек, мен бас жағында үйрене алмай жүрдім. Ұйқым бар ұйықтамай жүрген. Оның қасында уайымдайсың, қалай бәрі болады деп. Бірақ 3,4 күннен кейін кәдімгідей өзімді жақсы сезініп, осы атмосфераға кіріп, киноның қалжыңын түсіне бастадым.

Ақан Сатаев болса, жауыр болған комедия емес, өзге жанр арқылы көрерменді қуантуға құлықты. 1-қарашада жарық көретін «Бизнесмены» лентасы 90-шы жылдары кәсіпкерлікке бет бұрған қазақстандық жастардың өмірін суреттейді. Туындының түсіріліміне қатысуға нағыз «бизнесмендер» шақыртылған еді.

Арманжан Байтасов, кәсіпкер:

-Ақан мені «Бизнесмены» фильмінің түсірілім алаңына шақырғанда ұсынысты бірден қабыл алдым. Өйткені, «Районы» лентасын тамашалап, ерекше әсерге бөленген сәтім еді.

Актриса Әлия Телебарисова болса 3 жылдық үзілістен соң «Шыңғыс ханның қызы» картинасы арқылы үлкен экранға оралмақ. Лента 8-қарашадан бастап кинотеатрларда!

Триллер жанрында тың туынды таспалаймын деп, біраз сынның астында қалған Бүркіт те, тағы бір картинасының тұсауын кесуге әзір.

Бүркіт, әнші, режиссер:

-Бұл картинамыз жас қыз туралы. Оның өмірінде талай қиыншылықтар болып жатыр. Ол қиыншылықтармен қалай күреседі? Бұл жерде енді ертегі сияқты экшн-комедия.

Фантастикалы лентаны отандық көрермен 29-қарашадан бастап тамашалай алмақ