Шетел жаңалықтары: Эмма Уотсон махаббатын жолықтырды

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтың танымал актрисасы Эмма Уотсон болса, шығармашылығынан бұрын жеке өміріне көңіл бөлуде. Жұлдыз жұрттан жасырып жүрген сүйіктісімен көзге түскен. Эмманың жүрегін Брендан Уоллас есімді бизнесмен жаулап алған көрінеді.

Эмма бес ай бұрын экс-ғашығы актер Корд Оверстритпен қарым-қатынасын үзген еді. Ол таяуда көңіл қосқан жаңа сүйіктісімен қазір Мексикада бақытты күн кешіп жүр. Поттериандардың кумиріне айналған Уотсон сұлудың таңдауы - Брендан Уоллас есімді кәсіпкерге түскен. Актрисаның ғашығы беделді «Cabify» компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

***

Джастин Бибер мен Хейли Болдуин болса, өздерінің үйленгендері жайлы ашық айтып жүр. Жұлдызды жұп Лос-Анджелестегі мейрамханалардың бірінде, қарым-қатынастары туралы сұраған табынушыларының біріне заңды некеге тұрғандарын мәлімдепті. Ал БАҚ өкілдеріне қос ғашық басқаша жауап берген еді.

***

«Форсаж» картинасының продюсері Нил Мориц, «Universal» компаниясын сотқа берді. Киногер аталмыш студиямен бірігіп, Дуйэн Джонсон мен Джейсон Стэтхэм туралы «Хоббс пен Шоу» фильмін таспалауға келіскен. Ал, «Universal» Нилді авторлар тізімінен алып тастаса керек. Себебі ұсынылған ақы, продюсердың көңілінен шықпаған. Енді спин-оффтың басшылығына кім келері белгісіз.