Дрейк пен Трэвис Скоттың бейнебаяны

Сообщить о проблеме с эфиром

Рэперлер Трэвис Скотт пен Дрейк бірігіп, «Sicko Mode» трегіне таспаланған жаңа клипті жарыққа шығарды. Музыканттардың тың туындысы «ең үздік жыл бейнебаяны» атағынан үмітті екен.

***

Ән Трэвистің «Astroworld» альбомына енген. Рэперлер туындыда,

Хьюстон қаласындағы жастардың күнделікті өмірін суреттеген.

Ал, клипке Lil Wayne, Jay-Z, Джастин Тимберлейк сынды жұлдыздармен жұмыс жасаған - Дейв Майерс режисерлық еткен.

***

Леди Гага «Жұлдыз дүниеге келді» фильміне арнап тағы бір видео ұсынды. «I'll Never Love Again» атты трекке әнші жаңа бейнебаян таспалаған. Өнер иесі кинодағы кадрларды пайдаланудан бас тартқан.

***

Пост Малоне де, саундтрек жазып ұсынды. Музыкант «Өрмекші адам: Ғалам арқылы» анимациялық лентасына арнаған, су жаңа клипін таныстырды. Туындыға мультфильмнің ең қызықты сәттері топтастырылған. Бұл тректі Пост Малоне, рэпер Свай Лимен бірігіп орындаған еді.