«Веном» 400 млн долларға кенелді

Сообщить о проблеме с эфиром

Екі апта бұрын көрерменге жол тартқан Том Хардидің «Веномы», дүниежүзілік кинопрокатта көшбасшы атанды. Лента, отандық көрермендердің де көңілінен шығуда. Үздік үштіктің тізімімен таныс болыңыздар.

«Веном» отандық прокатта 136 млн пайдаға кенеліп, бірінші орынға жайғасты. Фантастикалық лентада Том Харди, Эдди Брок есімді репортерды сомдап қана қоймай, зұлым кейіпкердің дауысын да дыбыстаған. Аталмыш фильмнің шығуы, «Веномның» комикстар әлеміне келуіне 30 жыл толуымен тұспа-тұс екен.

***

Бредли Купер мен әнші Леди Гага «Жұлдыз дүниеге келді» картинасымен өткен уик-ендте 27 млн теңгеден аса қаржы жинап мәреге екінші болып жетті. Мюзиклда, талантты әнші қыздың өнер жолына келуіне қолдау жасаған кантри-музыканттың хикаясы көрсетілген. Қос өнерпаз арасында оянатын сезім мен сүйіспеншілікті авторлар музыка тілімен жеткізуге тырысқандай.

***

«Айдағы адам» лентасы кинотеатрларға шыққан алғашқы аптасында, 25 млн теңгеден аса пайда тауып, үздік үштікті түйіндеді. Шынайы оқиғаға негізделген фильм, айға алғаш қонған ғарышкер Нил Армстронгтың өмірін суреттейді. Басты кейіпкерді Райан Гослинг сомдаған биографиялық картина, танымал астронавттың беймәлім хикаяларын барынша шынайы көрсетуге тырысқан.