«Әміре» Лос-Анжелесте жүлде алды

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киногерлер де шетелдік сайыста жүлделі оралуда! Халықаралық Hollywood Film Festival кинобайқауында «Әміре» фильмі Silver Screen Award яғни «күміс экран» марапатына ие болды.

Еске салсақ, аталмыш фестивальдің негізгі байқауы Лос-Анджелес қаласында қазанның 23-і мен 28-і аралығында өтеді. 1997 жылдан бері ұйымдастырылатын айтулы киносайыс, маусым сайын, әр елдің кіл мықты киногерлерін анықтайды. Қазақтың тенор дауысты «Әміресі»жайлы лента Лос-Анжелестік қазылар алқасының жүрегін жаулаған көрінеді. Енді, фильм Франция, Германия, Жапония сынды елдерден әкелінген 16 картинамен бас жүлде үшін таласқа түспек.