Шетел жаңалықтары: Пэрис Хилтон тойын кейінге шегерді!..

Сообщить о проблеме с эфиром

Пэрис Хилтон, қараша айына жоспарлаған үйлену тойынан бас тартуға мәжбүр. Сылқымынң күйеу жігіті Крис Зилкамен айтулы күнді жарты жылға кейінге шегеруіне не себеп?

Пэрис Хилтон әншілікпен қатар енді жеке иіс суын шығарып, кәсіпке ден қоймақ. Ару жаңа брендін жарнамалау үшін, бірнеше айға әлемдік турнеге аттанады. Тығыз жұмыс кестесіне бола Пэрис, сөз байласқан сүйіктісі Криспен, той күнін келер жылдың мамыр айына ауыстырып отыр.

***

Танымал аяқдопшы Неймар болса, сүйіктісі Бруно Маркезинимен қарым-қатынасын үзді. Спортшы ғашығымен осымен 4-ші мәрте айрылысып отыр. Неймар, сәнбикемен 17 жасында танысқан. Бұл туралы Бруно «Vogue» журналына берген сұхбатында мәлімдеді. Жұлдызды жұптың ажырасуына себеп болған, арудың отбасы екен.

***

Рианна «Супербоул 2019» шарасына қатысудан бас тартты. Әнші, америкалық футболшы Колин Каперникке осылайша қолдау көрсетпек. Спортшы 2016 жылы АҚШ әнұраны шырқалғанда орнынан тұрмай, құрметсіздік танытқан еді. Капериник бұл қылығын: афроамерикалықтарға қатыгездік танытқан полиция қызметкерлеріне деген ренішім» деп түсіндірген. Енді, Риридің орнына, «Maroon 5» тобы өнер көрсетеді.