«Меломен» мен Ауыпбаев!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде бір топта ән салған жігіттер арасындағы кикілжіңге әлі күнге дейін нүкте қойылар емес. Бұл оқиға – «Меломендіктер» мен аталған бойзбендтің экс-әншісі арасындағы түсініспеушілік жайында. Жуырда ғана ұжымнан ренжіп кеткенін жариялаған Жігер Ауырбаевтың сөзін, бұрынғы топтағы серіктері жоққа шығаруда.

«Melo’Men» тобы:

-Ренжіп кеттім дегені... Қаншалықты реніш екенін білмейміз, топты тастап кететіндей. Қандай реніш болуы мүмкін? Енді ер жігіт болғаннан кейін, қаншама 10 жылдық еңбегі бар, мысалы. Осының барлығынан бұрылып кету, ол бір ренішке тіреліп тұрған мәселе емес деп ойлаймын.

Иә, «Меломендік» жігіттер Жігердің сөзін жалған дейді. Кінә кімнен екенін де ашып айтуға құлықсыз. Керісінше, Ауыпбаев кеткен сәтте, ұжымға ауыртпалық түсіп, топтың экс-әншісі сахнадағы серіктерін шығынға батырған көрінеді.

«Melo’Men» тобы:

-Бір адам кеткен кезде қаншама біздің жасаған дүниелеріміз бар. Қаншама материалдарымыз бар. Оны біз ғана жасаған жоқпыз. Ол жерде қаншама адамның үлесі бар. Әндердің барлығын қайтадан жазу, ол материалдық тұрғыда да шығын біз үшін. Және халықтың алдында да көзін үйрету біз үшін қиын болды.

Бүгінде бөлек кеткен жігіттер өнерде бәсекелес. Ал, қай тараптың шығармашылығында көш ілгері? Әріптестері арасында жүргізген арнайы сауалнамада бірі Меломенді мақтаса, екіншісі Жігерді жақтады.

Айда Тұрғанбек, «Жігіттер» тобының әншісі:

-Әрине «Меломен» ілгеріде. Өйткені олар топ қой. Олардың тыңдармандары көбірек. Өйткені олар үшеу!

Серік Ибрагимов, әнші:

-Десе те Жігер, өзінің «Меломен» тобынан бөлек тыңдармандарын тапты!

Айтпақшы, таяуда «Меломен» тобының Алматыдағы зәулім сарайда алғашқы концерті өтеді. Бір қызығы кештің құрметті қонағы – Жігер Ауыпбаев.

«Melo’Men» тобы:

-Міндетті түрде Жігер болады. Жігерге хабарласып айттық.

Тоғыз жылдық тәжірибені жинақтап, ел алдында есеп беретін бойзбендтің шоуы «Сүйгенім бол» деп аталады.