Биллбордтың үздік әнжинақтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Дрейктің сұраныстағы әртіс екенін Биллбордтағы түрлі аталымда топ жарып жүргенінен-ақ байқауға болады. Алайда, әйгілі чарттың жаңартылған тізімінде канадалық рэпердің есімі жоқ. Хип-хоп орындаушыға алғаш рет әншілікті қолға алған Бредли Купер бәсекелес!

Әншілік мансап Бредли Куперге майдай жаққандай! Голливудтық актер мен Леди Гага ұсынған «A Star Is Born» альбомы екінші апта қатарынан сатылымы жоғары туындылар көшінде. Дәл осылай, саундтрек ретінде соңғы үш жылдағы ректордты жаңартқан жинақ басы-қасы 34 тректен тұрады. Әндердің барлығын тыңдап шығуға 70 минут қажет екен.

***

Биллбордтың ең үздік альбом иегерлері тізімінде Куэйво екінші орында. Америкалық рэп-орындаушының «Quavo Huncho» атты тректер жинағын тыңдармандар таласа сатып алып жатқан көрінеді. Еске салсақ, бұл хип-хоп орындаушының айтулы чартқа алғаш рет енуі емес. Оның «Culture» туындысы да, табыстылар қатарынан табылған еді.

***

«Tha Carter V» альбомымен Лил Уэйн де кіл мықты музыканттардың көшінде жүр! Бұл америкалық рэп орындаушының 12-ші студиялық жинағы болып саналады. Небәрі 1 ай бұрын жарық көрген туындыда әншінің Ники Минаж, Кендрик Ламар, Трэфис Скот, Снуп Дог сынды өнерпаздармен шырқаған дуэттерін тыңдауға болады.