BTS тобына арналған фильм ұсынылмақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге танылған K-pop өкілдері - BTS тобына арналған фильм жарық көрмек. Әйгілі ұжым туралы лентаның алғашқы трейлері ұсынылды.

Алғашында «Burn The Stage» атымен топтың шығармашылығы туралы Youtube-қа шығып жүрген документалды туынды, енді толықметрлі фильмге айналды.

Су жаңа лентада, дүние жүзіне танылрған корейлік бойзбендтің өнер жолы мен жеткен жетістіктері топтастырылған. Картина әлемдік прокатқа 15-қарашадан бастап жол тартпақ.