Әр матчта гол соғылған Чемпиондар Лигасы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше өткен чемпиондар лигасының кезекті матчтарының қоржыны голға толды. Өзінің бұрынғы клубына қарсы ойнаған Кртиштиану Роналду ғана нәтижелі соққымен көзге түсе алмады. Дегенмен, «Ювентус» ойыншысы «Манчестер Юнайтед» жанкүйерлерінің қошеметін еншілеп қайтқан еді.

Чемпиондар Лигасының негізгі ойыны «Манчестер Юнайтед» пен «Ювентус» арасында өткен еді. "Олд Траффорд" стадионын лық толтырған ағылшындық жанкүйерлері өз клубының жеңісін көре алмады. Италиялықтар сапынан 17-ші минутта Пауло Дибала жалғыз голды соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Жұлдызды футболшылық жолын «Манчестерде» бастаған Кариштану Роналду, қазіргі, «Ювентус» клубы үшін доп соқпаса да, қауіпті сәттерімен көзге түсіп, жергілікті жұрттың қошеметінен де құры қалмады.

Роналдудың бұрынғы командаластары «Реал» қарсыласы "Виктория Пльзень" клубынан маңызды үш ұпайды алды. Мадридтіктер қатарынан 11-ші және 55-ші минутатарды Карим Бензема мен Марсело көз түсті. Чехтар үшін Патрик Грошовски абырой голын соқты. Есеп 2:1! «Манчестер Сити» болса қонақта украиндық «Шахтер» командасын қалпақпен оңай ұрып алды. Ағылшындар сапынан Давид Сильва, Эмерик Лапорт және Бернарду Силва қырсылас қақпасына жауапсыз үш доп тоғытты.

«АЕК» үйінде неміс машинасы Баварияға 0:2 етіп есе жіберді. Голдың авторлары Хави Мартинес пен Роберт Левандовски. Қатар өткен матчта

Голландиялық "Аякс" өз алаңында ойынның ақырғы секундтарында португалиялық «Бенфиканы» Нуссаир Мазрауидің голымен тізе бүктірді. Италияндық «Рома» болса меймандатып келген мәскеулік «ЦСК» ұжымынан 3:0 есебімен басым түсті.

Чемпиондар лигасының бұл топтық кезеңіндегі ең тартысқа толы әрі голға бай матч «Хоффенхай» мен «Лион» арасында өрбіді. Алғашында француздарды Бертран Траоре алға шығарса, немістер сапынан Андрей Крамарич дубль жасады. Кейін «Лион» ойыншылары Танги Ндомбеле мен Мемфис Депайдың соққан голдары оларды жеңіске бір табан жақындатқанымен, кездесу соңында «Хоффенхайм» ойыншысы Жоэлинтон таразы басын теңестірді. Жалпы есеп 3:3!