Никки Минаждың басы дауға қалды

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық танымал рэп орындаушы Никки Минаждың басы дауға қалды. Талантты қызды, әнші Трэйси Чэпмен сотқа берген.  Өйткені, Никки өнер иесінің ән мәтінін рұқсатынсыз қолданған екен.

Трэйси Чэпмен, өз туындыларында әлеуметтік мәселелерді қозғауымен әлемге танылған. Ал, Никки 54 жасқа келген өнер иесінің, «Baby Can I Hold You» әнінің сөзін, «Sorry» туындысына қолдануды сұраған. Ал, Трэйси ханым еш келісімін бермеген көрінеді.

Рэпер қыз оны Нас есімді орындаушымен бірге шырқап, жақында жарық көретін «Queen» атты альбомына енгізбекші болған. Алайда ән, автордың рұқсатынсыз ғаламторға жүктеліп кетеді. Енді Чипмен, Никкидан 150 мың АҚШ доллар талап етіп отыр.