Q-fest ұсынады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл уик-ендте күллі q-pop өкілдерінің басы қосылды. Алматыда көптен күткен Q-fest шарасы өткен еді. Айтулы кештегі сахнаның сыртында талай қызықты жайт болса керек. Мәселен, ортақ алаңда өнер көрсеткен жұлдыздар арасындағы бәсекелестік өз алдына бір тақырып.

Тағатсыздана тосқан фестивальдің сахнасы тосын сыйларға толы болды! Шараның жүргізушілік тізгіні вайнерлер – Нагимуша, Айым мен Жансерікке тапсырылған еді. Ал, кеште күллі q-pop өкілдері бір алаңда ән шырқап, әр топтың кенжелерінен құрылған каллобарация көпті тәнті етті.

Сондай-ақ, концерт барысында «Juz`IM» гелзбендінің тұсауы кесіліп, бұрынғы BN тобының әншісі «JUZ Entertainment»-тің қатарына қосылғаны мәлім болды.

Albina, әнші:

-Мен қазір q-pop бағытында өлең айтамын. Құдай қаласа жақсы жаңалықтар күтіңіздер. Жаңа бейнебаяндар жәңа өлеңдер. Және де құдай қаласа көп-көп концерттерге шығатын боламын.

Q-fest сахнаcының сыртында да түрлі қызықтар тіркелді. Бір жерден табылып, кезегін күткен орындаушылар, достасып та үлгерді.

Ayree, әнші:

-Біз барлығымыз дос болып қалдық. Екі айдай әр күні репетицияда кездесіп, тіл табысып. Барлығы өте кермет өтіп жатыр. Жалпы қазір бір-бірімізге қолдау көрсетіп, осылай, жалпы дос болып қалдық.

«MadMen» тобы:

-Түнімен студияда қалып, әнді жазып, өңдеп, басқашалап көрсетіп сол жерінен ғана қиыншылықтар болды. Ал, былай арамызда гармония.

Алайда, q-pop әлеміне жаңадан қадам басқан «OZGE» тобы, керісінше бұл ортаны аздап жатырқағандай.

«OZGE» тобы:

-Барлығымен жақын достай араласамыз деп айта алмаймын. Себебі, жәй ғана коллега ретінде қараймыз.

Жас жұлдыздар жиналған дәл осындай қарбалас үстінде «кумирлік міндетін» мінсіз орындап жатқандар да табылды. «EQ» тобы болса, толассыз сұхбат беруден аздап шаршағандай. Жігіттер камера алдында біраз жаңылысты.

«EQ» тобы:

-Бір, екі, үш, так... Сәлем, сәлем, сәлем! Сіздермен бірге.... Ааа. Орысша екенғой.. давай, давай, давай. Будут исполнять танец, танцы.. Ааа айтшы сен. Не деп айтам?!

Естен кетпес естеліктерге толы фестивальдің соңғы нүктесін «Найнти уандықтар» қойды. Бірлікке шақырған «MOOZ» туындысы фестивальдің негізгі әніне айналғандай.