Шетел жаңалықтары: Джей Зи мен Бейонсенің рекорды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге танылған Джей Зи мен Бейонсе өздерінің «On the Run II» атты турнесін аяқтады. Бес ай бойы дүние жүзін аралап ән кештерін өткізген жұлдызды жұп, 250 млн АҚШ доллар пайда тапқан.

«On The Run II» - екінші мәрте дүние жүзін аралаған Бейонсе мен Джей Зидің ән сапары осылай аталады. Алғашқы тур 2014 жылы өткен еді. Бұл жолы қос музыканттың шоу-концерттері әлемннің 40-қа жуық елінде шілде мен қазан айы аралығында жалғасқан. Еңбекқор жұлдызды жұп, бұл шығармашылық саяхаттан 250 млн АҚШ доллар табыс тапқан екен.

***

Америкалық танымал әнші Сиара бүгін 32 жасқа толды. R&B орындаушыны алғашқы болып күйеуі Расселл Уилсон құттықтады. Сиара Принцесс Хэррис 2002-жылы өзінің ерекше дауысымен және билеу қабілетімен ел көзіне іліккен еді. Талантты қыздың бірінші «Goodies» альбомы үздік шығып «Грэмми» марапатында 4 бірдей жүлде еншіледі. Бүгінде әнші ару, тыңдармандарын үзбей қуантып келеді.

***

Сандра Буллок өзінің кезекті картинасының трейлерін ұсынды. Актриса «Құстың жемі» атты хоррор жанрындағы фильмде – басты кейіпкер. Туындыға «Оскар» марапатының иегері Сюзанна Бир режисерлық еткен. Қиял-ғажайып лентаның сюжетінде ақырзаман орнайды. Ал, Сандра өз балаларын аман алып қалу үшін, алыс жолға шықпақ.