«Juz’im» тобын жылатқан кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы Q-фестте, Асыл Беделханның «Juzim» тобы дебьютын атап өткен еді. Басында 5 қыздан құрылған ұжым, мүлдем жаңа құраммен қайта таныстырылды. Кью-поп бағытында өнер көрсететін арулардың алғашқы қадамы қаншылықты сәтті шықты?

Асыл Беделхан бірнеше ай бойы, қазақтың заманауи музыкасын насихаттайтын талантты жас қыздарды іріктеген еді. Продюсердың мақсаты - кью-поп жанрында ән салатын бойжеткендерді баптап шоу-бизнес көшіне қосу.

Ұзақ уақыт дайындықта болған гёлзбенд, күллі кью-поп өкілдері бас қосқан фестивальде жаңа құраммен өз дебьютын жасады. Кью-поп байқауының жеңімпаздарының сапын тағы 2 қыз толықтырған еді. Енді, сол ән доданың ақтық сынына өтпей қалған Жұлдыз Кенжебаева да осы топтан табылды.

«Juzim» тобы

-Әр қыздың өзінің уақыты бар. Өзінің керек уақыты болды. Сондай жағдайлар болды. Оны өкінішке қарай айта алмаймыз. Бірақ біз осындаймыз, біз осы состав және бізді сүйтіп қабылдаңыздар. Біз «Juzim». Бұл тек бастамасы, ары қарай сіздерді сапалы әндермен қуантуға тырысамыз.

Асыл Беделханның тобы «Juz entertainment»-тің құрметіне аталғанымен, енді өзге лейблда жұмыс атқарады. Бұл Ерболатың жұбайы «Dem» деген атаумен ашқан жаңа продюсерлық орталық болмақ.

Сахнаға «Өзім білем» атты әнмен шыққан «Juz’im» тобын, тыңдармандары ұзақ күткен екен. Тың тректің сөзін жазған – Жұлдыздың өзі. Ал ұжымдағы қыздар өнерге жасаған алғашқы қадамы үшін қуанып, көздеріне жас алды.

«Juzim» тобы:

-Көңіл күй тамаша, әлі әсері кетпей жатқан сияқты. Өте тамаша болды. Өзіміздің үйіміздей қарсы алды. Өте таныс болған сияқты, атмосферасы, аурасы. Дебьют дәл осындай болу керек.

«Juzim»-нің ендігі мақсаты - шығармашылық жолда тынбай еңбек ету. Арулардың алғашқы бейнебаяны да жақын арада жарық көрмек.