Қайрат Нұртас кіші қызын «жұлдыз» жасамақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әкесі – әнші, анасы – актриса! Жұлдызды жанұяда дүниеге келген балалар өнерге бейім болмай қайтсін?.. Соңғы кездері көк жәшіктен көп көрініп жүрген Қайрат Нұртастың кіші қызы Алау, күні кеше Түркияда өткен дарынды балалар додасында «Мисс Олимпиада» атанып, бас жүлде еншіліпті.

Айдарбековтер әулетінің осы жылы өткізген ән кеші – Алаудың алғашқы сахнасы болды. Бұл бұрымды бала кезден биге биім екен. Бүгінде отандық телехикаяға түсіп, актрисалық қабілетін де байқатып жүр. Қайраттың тұңғышы Сезім атасын жақын тартса, екінші қызы Гүлзира ханымның меншігінде екен.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Алау, маған тиесілі болды, өзім бауырыма басып, Қайрат пен Жұлдыздан қызғанып, бір жаққа кетіп қалса алып қалып, менің исім сіңсін деп түнімен қасыма алып жатып, сөйтетінмін.

Сондықтан болар, Алау өте пысық, мектепте белсенді. Продюсер апасы немересінің болашағынан үлкен үміт күтеді.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Алау, ол өзім сияқты. Алқынып-жұлқынып тұр. Көздерінен от шашып тұр. Егер ән айтып билеген кезде, шет елдің Бейонсе бар ғой, ол Қазақстанның Бейонсесі болады деп ойлаймын.

Қайрат пен Жұлдыздың басты талабы – балаларының жан-жақты болуы! Олар сабақтан тыс түрлі үйірмелерге қатысады.

Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:

-Балалардың уақыт өте тығыз қылып қойдым. Кешке келетіндей қылып. Титтей де болсын өнер бар бойында. Төртеуінің де!

Бірақ Қайрат Нұртас ұл-қыздарының өнер жолын таңдағанын құптамайды.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Негізі оқу жағына бергенмін. Бәрі үлкен мектепте, жақсы мектепте оқиды. Ал ән, фортепиано, домбыра олардың хоббиі болып қалады. Негізі шынымды айтсам, өзмінің отбасымды, балаларымды өнерге бергім жоқ.

Бүгінде Қайраттың балалары сән сахналарында да жиі бой көрсетіп жүр.