Алмас Кішкенбаевтың жаңа бейнебаяны

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бәрі мүмкін!» Алмас Кішкенбаев та су жаңа трекке бейнебаян таспалады. Біраз уақыт тыңдарманын қуантпай кеткен әнші, бұл жолы қошеметтің орнына, сынның астында қалды.

-80-90 жылдарда қалып қойған ба? Монтаж да нашар. Ән жақсы, бірақ клип...?

-Драматургия жəне қараңғыдағы би, әнге дұрыс үйлеспей тұр. Алмас жаңашыл бол. Шоу-бизнес соны талап етеді.

-Сара Амагелді түсірген жерде, клип түсіріпсіңдер.

Кей жанкүйері Кішкенбаевты, Сара Амангелдінің «Үміт» клипінің идеясын ұрлап алды десе, бірі образын «Найти Уандық» жігіттердің «Аяма» видеосындағы стильге теңеген. Ал көп күттірген жұмысын таныстыруға, Алмас, бірнеше ай бойы дайындалған екен.