Отандық дизайнерлер идея ұрлады ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы «Жыл таңдауында» әншілердің әсем әуенінің сүйемелдеуімен, отандық дизайнерлер топтамаларын таныстырған еді. Алайда, тыңнан түрен салған бұл жаңашылдық, Аида Кәуменоваға жақпады. Соған қарғанда, «Виктория сикрет» шоуының қазақша нұсқасын әзірлеу қолдан келмеген сыңайлы.

«Жыл таңдауы» ұйымдастырушылары әлемге әйгілі «Виктория періштелері» шоуының өзіндік нұсқасын ұсынуды, о баста мақсат тұтқан еді. Діттеген дәрежеге жету үшін, шеберлер де өз тарапынан аянып қалмады.

Алайда, ән мен сәнді бір сахнада тоғыстыру оңайға соқпағандай. Мәселен, Аида Кәуменованың көрсетілімі кезінде, сүйемелдеген музыка ерте аяқталып, сәнбикелер ел алдында аздап абдырап қалды.

Аида Кәуменова, дизайнер:

-Енді сахнада фэшн мен әншілерді қосу, ол қиын мақсат болды. Негізі фэшн деген ол бөлек нәрсе ғой. Сахна, әншілер деген ол бөлек. Бірақ оны перфоманс деп айтады. Ең бірінші рет болды сондай шоу.

Ал дизайнер Улугбек Салиев топтамасын таныстырғанда өрескел олқылық байқалмады. Сондықтан болар, шебердің шара авторларына айтар уәжі жоқ.

Улугбек Салиев, дизайнер:

-Меніңше, өнер дегеніміз ортақ бір әлем. Онда музыкаға да, сұлулыққа да, барлығына орын бар. Сондықтан, бұл керісінше қызық дер едім. Ал, топтамама келер болсам, аталмыш шоуға арнап, кеше ғана тігіп біттім.

Динара Сәтжан да «Жыл таңдауына» арнайы жаңа үлгілерін ала келіпті. Сән мен музыканың бір мінберде үйлесуі – өнерпаз үшін жаңалық емес. Бұл тәжірибені KFW Astana да байқап көрген бикеш, өзіне сәнбике болуға лайықты жұлдыздарды да атады.

Динара Сәтжан, дизайнер:

-Модель ретінде, менің ойымша, «Made In Qazaqstan» солисткасына берер едім. Өйткені оның фигурасы да әдемі, бойы да келеді. Соған беруші едім. -Ал, одан басқа кім? Мысалы Ерке Есмахан дегендей. – Менің ойымша, Ерке өзімен өзі танымал болып жүр. Біз жас жұлдыздарды, жас әншілерді қолдау керекпіз деп ойлаймын.

Сондықтан, болашақта Динараның көрсетілімдерінен жас әншілерді байқап қалуымыз бек мүмкін.