Орландо Блуммен кездесу үшін ақы төле.

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтың үлгілі жұбы Кэти Перри мен Орландо Блумның қарым-қатынасына көпшілік алаңдаулы. Өйткені Кэти, сүйіктісінің өзге арулармен жүздесуіне мүлдем қарсы емес көрінеді. Тіпті әнші қыз, актермен кездесуді армандайтын қыздарға арнайы бәссауда ұйымдастырған.

Орландо Блуммен кездесуден дәмелі нәзік жандылар көп болса керек. Бір сағат танымал актермен оңаша сырласу үшін, бикештер 20 мың доллардан бастап ұсынған. Алайда Перри сылқым, сүйіктісін ешкімге қимай, өз қалтасынан 50 мың доллар төлепті. Әншінің бәссауда ұйымдастыруы мен жеке ән кешін өткізуі – қайырымдылық мақсатқа арналады. Жұлдыз түскен қаржыны Калифорнияда өрттен зардап шеккен жандарға бермек ниетте.

Актриса Шерон Стоун да көпшілікке жаңа ғашығын таныстырды. 60 жасқа келген өнер иесі, өзінен 10 жас кіші журналист - Энцо Курсиомен көңіл жарастырған көрінеді. Бұл жұптың табысқанына санаулы уақыт өтсе де, екеуі бақыттан балбұл жайнап жүр. Жаңа махаббат иелеріне Шеронның бірнеше ай бұрын қош айтысқан экс-ғашығы Анджело Боффа да кедергі бола алмапты.

Кино әлемінің жұлдызы – Дженнифер Энистон жеке өмірінде болған қиындықтарын ашып айтты. Танымал актриса кезінде анасымен тату-тәтті тұра алмаған көрінеді. Қызының бұл құпиясын өзінің автобиографиялық кітабында анасы Нэнси Доу бүкпесіз баяндаған. Бүгінде ақыл тотатқан Дженни сол қылығына өкініп жүргенін жасырмайды