BTS енді Twitter тізімінің көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі BTS тобы түрлі рекорд орнатудан жалығар емес! Twitter-дің пайымынша, корейлік бойзбендтің әр жазбасын әлеуметтік платформа оқырмандары өз парақшасында ең көп жүктейтін көрінеді. Осылайша, әйгілі ұжым желіде жанкүйер жинауда өзге шетелдік әртістерден оза шапты.

Нақтырар айтар болсақ, BTS-тықтардың Дрейктің #InMyFeelingsChallenge-не арнайы түсірген видеосы көптің көңілінен шыққан. Одан бөлек, Твиттер ұсынған бұл тізімде Дрейктің өзі мен Бейонс, Канье Уэст есімдерін де кездестіруге болады.