«Құдалар» картинасына саундтрек жазылды

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұртас Адамбайдың «Құдалар» атты картинасына саундтрек жазған өнерпаздар да, отандық шоу-бизнесте Райым мен Артурдың жетістігін қайталауға ниетті. Бұл жолы продюсердің қолдауы, оларға сәттілік әкеле ала ма?

Құдалар фильміне саундтрек жазу – Руслан мен Ләззат есімді өнерпаздарға бұйырған. Нұртастың комедиясы арқылы танылуды көздеген олар, режиссерға тегін ән ұсыныпты.

Ләззат Оразай, әнші:

-Нұртас бізге сондай мүмкіндік беріп тұр ғой. Саундтректі сендер айтыңдар деп. Сондықтан Нұртас Адамбайға рахмет. Осылай сеніп бізге, осындай мүмкіндік беріп тұрғанына.

Әдетте бейнебаянға сұңғақ бойлы сұлулар таңдалатын еді. Бұл жолы толық бикештер саундтрекке раналған клиптің сәнін келтірмек.

Руслан Бердіматов, әнші:

-Негізі маған толық қыздар ұнайды. Толық шымкенттің қыздары ұнайды. Өйткені олар жақсы тамақ істейді. Жақсы еркелетеді. Сол үшін шақырдық.

Бұл фильмде шымкенттік жігіт пен алматылық арудың арасындағы махаббаттан бастап, кейін өзара тіл табыса алмаған құдалардың кикілжіңі көрсетіледі. Ал, саундтректің кейіпкерлері ретінде ойнаған «Рензо» бойзбендін, бұл тақырып қатты толғындырып жүр. Өйткені, топтағы төрт жігіт те бойдақ.

Renzo тобы:

-Мен айтамын: «Мама, егер де менің болашақ әйелім сізге ұнамаса не істейміз?» десем, сөйтсем менің анам балам, мені сыйласа сол маған жеткілікті дейді.

«Рензолықтар» таныстықтан кейінгі процесті де күні бұрын жоспарлап қойған.

Renzo тобы:

-Бірінші қызды папа, мамамызбен таныстырамыз. Сөйтіп қыздың үйіне барып, оның ата-анасымен танысамыз. Одан кейін ата-аналар бірін «тәтті шәйға» шақырады. Өзім әпкем үйленген соң білемін.

«Құдалар» картинасы осы жылдың соңында үлкен экранға жол тартады.