Ким Кардашьян мен қайын атасы неге араз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтың жұлдызды жұбы Канье Уэст пен Ким Кардашьянның отбасылық өмірі әрдайым жұрт назарында. Екеуі жанкүйерлеріне жақса да, өз жақындарының көңілін мүлдем таба алмаған. Тіпті, Ким бикешке рэпердің туыстары тіс қайрап жүр деседі.

Ким Кардашьянның танымалдығын, Канье Уэсттің өгей әкесі - Уилисс Блейкли құп көрмейді екен. Рэпердің марқұм анасымен бірге тұрған Уиллистің сөзінше, Кардашьянның ашық-шашық образдары Каньенің мансабына кері әсерін тигізіп, әулеттің атына кір келтіретін көрінеді.

Актриса Гвинет Пэлтору өзінің экс-ғашығы Брэд Питтпен, қарым-қатынасын дер кезінде тоқтатқанына қуанады. Жастық шақта көңіл жарастырған жұлдызды жұп, папарацци көзінің аз болғанының арқасында тыныш өмір сүре алдық дейді. Үш жылдан кейін айрылысып кеткен олардың дос болып қалуына, БАҚ өкілдерінің бүгінгідей қазбаламауы септігін тигізген екен.

Актриса Джессика Альбаның түскен кинотуындылары көрермен көңіліне жақпай жүр. 37 жастағы өнер иесінің «Фантастикалық төрттік», «Кербез» және «Күнәлар қаласы» фильмдеріндегі образы сәтті шыққанымен, өзге картиналары төмен бағаланды. 59% пайыз көрсеткішпен Альба, соңғы 20 жылдағы сәтсіз ленталарда бой көрсеткен актрисалар көшін бастап тұр. Тізімде Джессика Бил мен Хизер Грэм сынды бикештер де бар.