Disney табысымен тарихта қалмақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Disney студиясы болса жылдың ең табысты фильмдерін анықтады. Көзі қырағы көрерменнің көңілінен шыққан ленталар көшін – «Кек алушылар: Ақырғы шайқас» фильмі бастаған.

«Марвелдық» туынды жоба авторларын 2 млрд доллар пайдаға кенелткен. Жер шарын зұлымдықтан қорғау үшін, барлық суперқаһармандар біріккен лента «Диснейдің» рекордын жаңартуға себепкер атанды.

Кезекте «Қара қабылан» фильмі. Өзінің 1,5 млрд доллар табысымен фантастикалық лента, «Оскар» марапатының бірден 16 жүлдесінен дәмелі.

Қайта оралған «Суперотбасы 2» анимациялық туындысы болса, 1,24 млрд АҚШ көк қағазымен үздік үштікті түйіндеді. «Уолт Дисней» ұсынған картина – әлемдегі ең табысты мультфильмдердің қатарында. Лента, ғажайып күшке ие жанұяның ерлік хикаяларын суреттейді.

Ал «Хан Соло:Жұлдызды айқас.Тарих» фильмі киногерлердің түрлі сынына қарамастан, қоржынын 400 млн доллар қаржыға толтырған. Шытырман

оқиғалармен өрілген фэнтези, жас батыр Солоның тағдырынан сыр шертеді.

Дәл осындай табысты картиналардың арқасында, «Дисней» киноиндустрия тарихында жаңа рекорд орнатты. Барлығы 7 млрд доллар ақша түсірген студия, көрермендерін қуантуын жалғастыра бермек.