Бен Аффлек есірткі сатып жүр

Сообщить о проблеме с эфиром

Тағы бір суперқаһарман – «Бэтменнің» образымен танылған актер Бен Аффлек, енді есірткі тасымалдаушының образында. Детективті лентадағы рөлі үшін, Бен бар білгенін салса керек. Себебі серіге, Том Харди мен Уилл Смит сынды шеберлер бәсекелес болыпты.

«Үш шекара» - шытырманға толы криминалды лентасында, бизнесмендердің заңсыз істері әшкере болмақ. Қылмыскерлердің ізіне түсу үшін Бен Аффлек, есірткі тасымалдаумен айналысады. Полиция қызметкерлерінің мақсаты - жауына жақын болу. «Netflix»-тің наурыз айында ұсынатын картинасы, 2010 жылдан бері жоспарда болыпты.

Психологиялық триллер «Сплиттің» жалғасы ретінде таспаланған «Әйнек» лентасы жаңа хикаямен оралды. Өзгенің ой-санасына ене білетін зұлым кейіпкер бұл жолы Кейси есімді бойжеткен мен егде жастағы Дэвид Данды арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін қолданбақ. Қорқынышты драма 17-ші қаңтардан бастап жарық көреді деп күтілуде.

АҚШ пен Канада бірігіп таспалаған «Алита: Жауынгер періште» атты фантастикалық туындыны көремендердің 90%-ы асыға тосуда. Фильмнің желісі 300 жылдан кейінгі оқиғаны суреттейді. Доктор Идо заманауи технологиялардың арқасында ғарыштан келген робот қызды тірілтпек. Алита өзінің шыққан тегін анықтау үшін түрлі жанкештілікке барады. «Титаник», «Аватар» сынды фильмдердің авторлары ұсынған лента, 14 ақпаннан бастап үлкен экрандарда.