Әлемдегі ең бай қаламгерлер

Сообщить о проблеме с эфиром

Телеэкрандарда төбе көрсетпей-ақ, мол дәулетке қол жеткізуге болады дейді шетелдік жазушылар. «Forbеs» журналы 2018 -дің «ең бай» қаламгерлері тізімін ұсынды. Шығармашыл жандардың табысы, кейбір жұлдыздардың өзін таңқалдырары сөзсіз!

Ақ қағаз бен қаламды серік еткен ауқаттылар көшін Джеймс Паттерсон бастайды.. Жазушы бір жылдың ішінде 86 миллион доллар қаржыға ие болған. Джеймс Паттерсонның кітабы бойынша «Мен Алекс Крос», «Тиффанидегі жексенбі», «Максимум Райд» сынды ленталар таспаланған еді.

Джеймс Паттрнсон, жазушы:

-Жазушы атанғыңыз келсе, жаза беріңіз, жаза беріңіз. Сонда ғана қаламыңыз төселіп, машықтана түсесіз.

Гарри Поттердің анасы саналатын Джоан Роулинг болса, бұл рейтингте екінші. Қаламгердің табысы – 54 миллион АҚШ долларын құрайды. Жазушының ақшасы өткен жылмен салыстырғанда, 41 миллионға азайған екен.

Үздік үштікті қаламы қарымды Стивенг Кинг тұйықтайды. Оның ауқаттылардың арасынан табылуына өзінің романының желісімен таспаланған «Оно» картинасы себепкер болған.

Өнер иесі басы-қасы 27 миллион долларды еншілеген. Бұдан өзге, қаламгердің туындыларының сюжеті бойынша түсірілген «Шоушенкадан қашу», «Жасыл миля» сияқты картиналар уақыт өтсе де, үздік ленталар қатарынан қалмақ емес.