Ән үшін Айқынның бетін қайтарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын мен «Ринго» тобының арасында әнге талас басталды. Қонарова басқаратын бойзбендтің туындысын орындауға ниетті екенін жеткізген Төлепберген, төрттіктің репертуарына құда түскен.

«Неге» - заң жүзінде «Рингоның» репертуарындағы туынды. Жұлдыздар арасындағы додалардың бірінде аталмыш тректі Айқын орындап, өзінің әнқоржынына қосуды құп көреді.

«Rin’Go» тобы:

- Ол жерде Айқын «Ринго» тобының әнін орындады, Батыр Айқынның әнін орындаған кезде сондай бір ұсыныс түскен еді. Бірақ бұл ән өзімізге де керек дегендей.

Иә, Қонарованың қол астындағы жігіттер әріптесінің қызығушылығын тудырған трекке тез арада клип түсіріп, отандық музыкалық арналардың айналымына жіберген. Ал, аталмыш әнді аттай қалаған Айқынның ұсынысына Алуа ханымның жауабы мынау.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Бұл «Рингоның» әні. Мен қаншама қаражат жұмсап сатып алғанмын және 60-тан астам әннің ішінде, дәл осы тректі таңдаған болатын.

Өнерпаздар арасындағы өзара әңгімеден әннің авторы да хабардар екен. Бір қызығы, сазгер бастапқыда бұл туындыны Айқынның орындауында тыңдағысы келген.

Бауыржан Бимахан, композитор:

-Мен бұл әнді Айқынға өзім бірінші ұсынғанмын. Өзім ватсабына жібергенмін. Ол кісі қолы босамағандықтан, мен «Рингоға» жібердім.

Бүгінде «Ринго» ұжымы аталмыш әнді насихаттау мақсатында кавер байқау ұйымдастырған. Үздік орындаған өнерпаз, алдағы уақытта Қонарованың қолынан бағалы сыйлық алады.