Жылдың жұлдызды жанжалдары

Сообщить о проблеме с эфиром

2018-жылы басы дауға жиі іліккен жұлдыздардың көшін – Төреғали бастап тұр. Иә, «бір айналдырса шыр айналдырады» деген осы болар! Керекуде өткен концерттегі келеңсіздіктен кейін, Ұлы дала баласы әуежайда тәртіп бұзған.

Сондай ақ, Төреғали жыл басында Алтынбек Қоразбаевтың ән кешіне қатысамын деп, санаулы күндер қалған алдап кеткені тағы бар.

Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі:

-Төреғалисыз да менің концертім өткен. Талай-талай концерттерім өткен. Енді, ол жігіттің әкесі екеуінің істеп кеткені қиянаттау болды кішкене

Осы жылы кью-поперлер арасында да араздық пен алауыздыққа жол берілді. «Блэк дайл» бестігін басқарған кіші Беделхан, тосыннан топтағы екі жігітпен жұмыс істеуден бас тартқан-ды!

Есболат Беделхан, продюсер:

-Жұлдыз ауруымен ауырған кісі сезбейді өзін. Және де мойындамайды. Сыртынан көрініп тұрады.Бірақ жұмыстың аты жұмыс. Егер лайықты болмаса жұмысқа адам кету керек.

Сондай-ақ, Есболат келісімшарт аяқталмай ұжымнан кеткен қос рэперден 96 миллион теңге төлеуді де талап еткен еді.

«EQ» тобы

-Біз ешкімге ештеңе төлемейміз. Себебі бұл түсініспеушілікті, өзара келіспеушілікті шешіп тастадық. Уайымдамаңыздар, қам жемеңіздер. Бәрі жақсы, бәрі керемет!

Сондай-ақ, осы жылы қолөнер шеберімен мемлекет меншігіндегі ғимаратқа таласқан Қыдырәлі мен Қарақат та қазнетте қызу талқыланды. Жұлдызды жұпқа ыза болған дизайнер Ырза Тұрсынзада, Болмановтың келіншегін жерден алып, жерге салғаны бар.

Ырза Тұрсынзада, қолөнерші:

-Сенің бетің жылтыр, бірақ сол беттің астында тұрған арың, жамауға келмейтін жыртылған ар екен. Саған айтатыным сол Қарақат!

Қарақат Әбілдина, әнші:

-Менің ең бастысы арым таза. Ол кісі айтқандай емес. Керісінше ар, ұят, намыс деген осы үш қасиетті өмірде бірінші кезекке қоятын жандардың бірімін.

Қос тараптың дауы заң жүзінде шешілді. Қазіргі таңда шулы ғимарат Қыдырәлі мен Қарақаттың қарамағында екен.