Канье Уэст пен Дрейк нені бөлісе алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Зейннің өнердегі әріптестері: Канье Уэст пен Дрейк болса, әлеуметтік желіде ашық айқасқа түсті. Қос рэпердің ұрыс-керісіне не себеп болды?

Канье Уэст пен Дрейк жарты жылдан бері араз күйде! Музыканттардың бір-біріне неге ренжіп жүргенін, табынушылары түсіне алмай дал. Инсайдерлер, Дрейк «Sicko Mode» атты трегінде Каньенің атына кір келтіріп, Киммен құпия қарым-қатынаста болған деген болжамдар айтуда.

«The Beatles» тобының негізін қалаушы – Пол МакКартниден су жаңа туынды. Әйгілі музыкант «Who Cares» атты трегіне бейнебаян таспалаған. Бұл әнге, аты аңызға айналған ұжымның гитарашысы Ринго Стар мен «Rolling Stones-тік» Ронни Вудт өз үлестерін қосқан екен. Ал клиптің басты кейіпкерлері – Маккартнидің өзі мен актриса Эмма Стоун.

Ариане Грандені табынушылары пластикалық отаға жүгінді деп айыптауда. Оған себеп, арудың ғаламторға жүктелген ескі суреттері. 25 жастағы әнші бірнеше жыл бұрынғы фотоларында мүлдем өз-өзіне ұқсамайтын болып шықты.