«Бамблби» - отандық прокатта үздік атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Трансформерлер» кинолентасы, өз кейіпкерлеріне арнап жеке фильм таспалауды қолға алған еді. Олардың бірі робот – Бамблби. Көптен күткен фантастикалық туындыға, отандық көрермен өз бағасын берді.

Ticketon.kz сайтының сараптамасы бойынша, өзге ғаламшардан жерге пана іздеп келген робот туралы картина өткен уик-эндте 105 млн пайдаға кенелді.

«Өрмекші адам: Ғаламдар арқылы» анимациялық лентаның қоржынында 103 млн теңге бар. Мультфильмде Питер Паркердің қабілетіне ие бірнеше кейіпкерлер тоғыспақ. Ал үздік үштікті «Жыртқыш қаланың шежіресі» 101 млн теңгеден аса қаржымен түйіндеп тұр. Туынды – мыңдаған жылдан кейінгі ақырзаманды суреттейді.