Қазақ санын арттырған жұлдыздар

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ринголық» Батыр Байназаровтың үйлену тойы жанжалға айналмаса да, көпті таңқалдырған еді. «Аюми» тобының экс-мүшесі Әсел Жамақаеваны жар етіп таңдаған сері, күні кеше алғаш рет әке атанды. Қуанышты жаңалықпен бөлісіп, сүйінші сұраған Алуа Қонарованың өзі.

Әсел Жамақаева, «Ayumi» тобының экс-мүшесі:

-Чуть-чуть потолстела просто. Лишние килограмы! Все равно увидят же...

Дәл осылай алғашында жүктілігін жасырып қалғысы келген Әсел, Батырмен махаббат хикаясын да көпшіліктен құпия ұстаған еді. Жұлдызды жұп енді кішкентай ханшайымның ата-анасы атанып отыр.

Батыр қызды болса, продюсер Ерлан Әлімовтің да шаңырағында күні кеше сәбидің үні естілді. Қазақ шоу-бизнесінде аянбай тер төгіп жүрген серіге, жары Сәбина шекесі торсықтай ұл сыйлаған.

Ерлан сынды екінші мәрте ата-ана атану құрметі – «Қазақстан аруы» Айдай Исаеваға да бұйырды. Бірер апта бұрын ғана босанған жас ана, енді көп күттірмей жаттығу залына барамын деп құлшынып отыр.

Айдай Исаева, бизнесвумен:

-Бір-екі айдан кейін ин ша Алла, спортпен айналысамыз!

Айдайдың спортқа деген құмарлығы Ақбота-Нұрға еш таңсық емес. Әнші, әрі актрисаның қазір екінші бөбегіне аяғы ауыр. Ай күні жетіп қалған Айдарқұловтың келіншегінің, декреттік демалысқа уақыты тапшы көрінеді.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Негізі өнер адамдарында декреттік өмір деген жоқ. Көбінесе жүкті кезінде де, босанса да таңнан кешке дейін, сол түсірілім алаңында жүреді. Барлығымыз сондаймыз.

Ал жас ана атанған әнші Айдана Мәлік, ақ босаға аттағалы – отбасы, ошақ қасында отыра тұруға бел буған.

Айдана Мәлік, «Ayumi» тобының экс-мүшесі:

-Бір декреттен екінші декретке ауысып жатырмын. Сондықтан кішкене уақыт өтсін.