Самал Еслямова «Оскардан» үмітті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық актерлар ойнаған картиналар да әлемдік көрермен жүрегін жаулауға әзір! Бір ғана мысал, Самал Еслямова басты рөлді сомдайтын «Айка» драмасының - «Оскарға» үміткер атануы.

2018 жылы басы-қасы 40-тан астам төл туынды үлкен экрандарға жол тартты. Солардың арасында Сергей Дворцевойдың - «Айка» туындысының орны бөлек. Венеция фестивалінде таныстырылған лента арқылы, әлемдік кинода жаңа актриса – Самал Еслямованың есімі пайда болды.

Самал Еслямова, актриса:

-Бұл рольға мен өзімнің 7 жыл өмірімді салған едім. Өмірімді ғана емес, бүкіл күшімді. Физически, морально. Сол үшін әрине, оңай емес.

Жеті жылды сарп еткен киножауһар енді «Оскар» жүлдесі үшін таласқа түспек. Дәл осы Дворцевойдың «Айкасы» сынды, Сатаевтың «Томирисі» де талайды шулатқан еді. Режиссердың қиялындағы Тұмар ханша атанған – Альмира көпке жаңалық болды.

Альмира Тұрсын, актриса:

-Сұрақтарым болды. Сол сұрақтарымды режиссерге қойып. Кітаптарда оқып. Бізде өте көп историктер бар, редакторлар бар. Сонымен келісіп, сұрап, бәріміз жабылып сол образды шығардық.

Кино әлемінде қалыптасқан жолы бар Сәнжар Мәдидің - «Әміре» образы, ел арасында ұзақ талқыланды. Себебі, көрермен тарихи туынды арқылы актерды өзге қырынан тыныған еді.

Ал, режиссерлер арасынан Жеңісхан Момышев үшін бұл жыл өте ерекше. Енді киногер продюсер ретінде бақ сынап, дебюттық картинасын таспалауға кірісті.

Жеңісхан Момышев, режиссер, продюсер:

-Тек қана қарттар үйінің темасын алдық. Трагикомедия. Өйткені драма алатын болсақ, драмаға көп адамдар бармайды. Сол проблеманы халыққа жеткізу – менің мақсатым.

Жеңісханнан қалыспай, Нұрлан Батыров та режисер ретінде тұңғыш туындысын дүниеге әкелген еді. «Проявление» картинасын түсіру үшін – танымал вайнер 5 жылын жұмсаған екен.

Көркем фильмдермен қатар, авторлық ленталар да ел назарынан тыс қалмады. Мәселен, Катерина Суворованың Ninety one туралы түсірген «Сен мен емес» туындысы, деректі картиналар арасынан оза шауып, көзге түсті.