Көп балалы жұлдыздар мемлекеттік жәрдемақы мәселесін талқыға салды

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда төртінші перзентін сүйген Төреғали мен Толқын бұдан былай көп балалы отбасылардың тізімінде. Ал, алты баланың әкесі Жанатбек Бәйтековты, жәрдемақы мәселесі толғандырып жүр. Бүгінде үбірлі-шүбірлі атанған актер, ұл-қыздарына мемлекеттен қомақты қаржы талап етуде.

Жанатбек Бәйтеков, актер:

- Жұбайымнан сұраймын. Ол кісі құжаттарды апарып, бір нәрсе істеп жүрді. Мен білмеймін. Естідім 21 000-нан қылады деп. Бірақ сол қағазы көп екен. Қайтадан қағаз кеміруге көшеміз бе деп. Енді берсе құба-құп. 21 000-нан емес, бізге әр балаға 210 000-нан, 2 миллион 100 мыңнан немесе 2 миллион 111 000-нан берсе де жарасады ғой.

Жанатбектің жанұясында үш бұрымдысы мен ізін жалғар мұрагерлері де өсіп келеді. Алты баланың әкесін толғандырған тақырыптан өзге өнерпаздар қаншалықты хабардар?

Қазіргі таңда Қыдырәлі мен Қарақат та төрт ұл мен бір ханшайымды тәрбиеуде. Бір қызығы, жұлдызды жұп мемлекеттік жәрдемақыға зәру болмай шықты.

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

- Жәрдемақы алдым дегенін естімеппін шынымды айтсам. Алып та жатқан шығар. Мен енді ол жағына онша араласпаппын шынымды айтсам. Онысын білмеймін. Біз кәсіптеміз. Біз өз нанымызды өзіміз тауып, ақ адал еңбегімізбен ар-абыройымызды таза ұстауға, барымызды салып Аллаға шүкір!

Актер Нұржан Төлендиев те көп балалы әкелердің қатарында. Әзілкеш пен жұбайы да алты перзентке өмір сыйлаған. Бірақ үйден гөрі, жиі түзден табылатын отағасы, ай сайын төленетін ақшаға бас қатырмайтын көрінеді.

Нұржан Төлендиев, актер:

- Енді алатын шығар, үйдегі жеңгең біледі. Мен енді шынымды айтайын ол жағын білмейді. Екенмін. Оның бәріне жеңгеңнің миы көп сол айналысады. Бізде үйде тауығымыз жоқ жұмыртқасын есепейтін. Оны енді көппен көреміз. Халық не шешеді, патшамыз не шешеді көреміз.

Қазақ өнерінде көпбалалы отбасылыр көп-ақ. Ел демографиясының өсуіне үлесін қосқан танымалдар тізімінде үш қыз бен қос ұлдың әкесі Тұрсынбек Қабатов, 5 баланы дүниеге әкелген әнші Динара Сұлтан сынды аналар да бар.