Кек алушылардың жалғасы, Spider-Man, Темір Адамның орнын баспақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Марвель студиясы болса, көрермендерін қуантты. Жақында ғана «Кек алушылар» картинасының соңы жарық көрген еді. Енді суперқаһармандардың фанаттары оқиға жалғасын көре алмақ. Ол – «Өрмекші адам» картинасында өрбитін болады.

Су жаңа трейлер жарыққа шыққалы қызу талқыға түсті. Еске салсақ, жанкүйерлер «Кек алушылардың» ақырғы бөлімінде Темір адаммен қош айтысты. Енді дәл осы кейіпкердің образы Өрмекші адамға сеніп тапсырылуы әбден мүмкін деседі жоба авторлары.

Том Холланд, актер:

- Өрмекші адам сіздер үшін күтпеген жәйт болмақ. Егерде «Кек алушылардың» соңғы бөлімін көріп үлгермесеңіздер, су жаңа трейлерді тамашалауға қатаң тыйым саламын!