Энн Хэтэуэйдің есімі жазылған арнайы жұлдызша қойылды

Сообщить о проблеме с эфиром

Мансап жолын бірден кинодан бастаған британдық актриса Энн Хэтэуэй ерек құрметке ие болды! Оскар иегерінің Даңқ аллеясында есімі жазылған арнайы жұлдызша қойылды.

Мұндай мәртебе 36-жастағы актрисаның кино саласындағы 20-жылдық еңбегінің нәтижесі ретінде бағаланып отыр. Еске салсақ, Энн Хэтуэйдің өнер жолы «Өзің бол» атты телехикаядан басталған еді.

Энн Хэтэуэй, актриса:

- Мұндай жетістікке маған сенген жандардың арқасында жетіп отырмын. Себебі, киноға келген кезімде кіп-кішкентай қыз едім. Соған, қарамастан маған сенім білдірген адамдарға алғысым зор.

Айтулы сәтте Оскар иегерінің ет жақындары жанынан табылды. Эннды қолдауға ата-анасы мен асыл жары Адам Шульман, сондай-ақ кинодағы әріптестері келген.

Awkwafina, актриса, рэп орындаушы:

- Мен бұрын Эннды әпке деп атайтынмын. Себебі, ол керемет актриса ғана емес, сенің ең жақының бола алатын адам. Меніңше, Хэтэуэй бүгінгі жас қыздарға үлгі боларлық жан.

Бүгінде Энн Хэтэуэй «Forbes Celebrity» тізіміне енген санаулы жұлдыздардың бірі. Актриса 2013 жылы «Шеттетілген» картинасындағы үздік ойыны үшін «Оскар» жүлдесін еншілесе, ол төбе көрсеткен картиналардың табысы 6,4 миллиард долларды құрайды екен.