Мадонна үлкен турнеге аттанбақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадонна әріптестерінің көмегіне жүгінбейді! Алпысты алқымдаған әртіс, өзінің шын дарын иесі екенін баяғыда-ақ дәлелдеп қойған! Шығармашылығына қайта кіріскен поп-патшайымы үлкен турнеге аттанбақ!

Тыңдарманы тағатсыздана күткен әнсапар құрметіне, әнші кішігірім бейнеролик ұсынуды жөн көрген. Күз маусымында басталатын турне Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес пен Лас-Вегас қалаларында өтетіні белгілі болды. Одан кейін өнерпаз Еуропаның өзге де елдеріне ат басын бұруды көздейді. Еске салсақ, аталмыш кештер жиынтығы оның «Madame X» альбомын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр