Лондонда «Аладдин» фильмінің тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көп ұзамай Уилл Смиттің де есімі «Жұлдыздар аллеясында» жарқырайды деген сенімдеміз! Ал, әзірге актер өзі басты рөлді сомдаған «Аладдин» картинасының тұсауын кесті. Сонымен, әйгілі анимация желісімен таспаланған туынды тұпнұсқаны басып оза алды ма?

Фантастиканың тұсаукесеріне әдеттегідей қызыл емес, Аладдинның сиқырлы кілемі төселді. Ерек жолақ бойымен жүріп өткен киногерлер арасынан кештің жарық жұлдызы - Уилл Смитт болды. Актерға лентадағы басты рөлдердің бірі - Жынның образы бұйырған еді.

Уилл Смитт, актер:

- Фильмде әсем әуен мен әсерлі би жетерлік! Қосымша түрлі кейіпкерлер мен, сан-алуан жануарлар, қысқасы туынды тартымды болуы тиіс! Сондықтан, лентада төбе көрсеткенімді мақтан тұтамын.

Картинаның сюжет желісіне келер болсақ, фантастика сценариі түпнұсқадан аса ауытқымағанын аңғаруға болады. Бәз баяғы армандарды орындайтын - Жын, ал адал махаббат үшін түрлі жанкештілікке даяр қос ғашық – Аладдин мен Жасмин.

Наоми Скотт, актриса:

- Ертегі ескі болғанымен, онда бүгінгінің өзекті мәселелері қозғалған. Мысалы, Жасмин қылығы арқылы қыздар нәзік жандылардың да дауысы мен құқығы бар екенін ұғынса деймін.

Әйгілі анимациялық лентаны фильм ретінде таспалауды Гаи Ричи өз қолына алған.

Гаи Ричи, режиссер:

- 92 жылы жарық көрген туынды, заманға сай міндетті түрде жаңартылуы тиіс деп ойладым. Оның үсітіне анимациямен салыстырғанда, фильмнің орны бөлек. Өз басым, Аладдинның фанатымын.

Қиял ғажайыпқа толы ертегінің өзге жанкүйерлері болса, көп ұзамай картинадағы оқиғаларды тамашалай алады. Уилл Смиттің әсем әуендерімен әрленген лента мамырдың 23-нен бастап үлкен экранға жол тартпақ